Әрбір сурет – ерекше баланың тарихы

Сіз қазір Астана қаласындағы №3 арнайы мектептің жас суретшілері салған суреттің астындағы QR‑кодты сканерледіңіз
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін сурет салу – өзін білдірудің және талант пен шабыттың шектеусіз екенін бәрімізге еске салудың бір тәсілі.

Суреттердің қалай жасалатынын көріңіз

Балалардың суреттерді қалай салып жатқанын және олардың дайын жұмысқа қалай айналатынын көре аласыз.

Ерекше балалардың қолымен салынған суреттер

Бұл жоба – BI Group пен «Juldyzai» қорының бірлескен бастамасы. Оның мақсаты – балаларымыздың таланты мен ішкі әлемін көрсету. Бұл суреттер сіздің үйіңізді әсемдейді, ал олардың әрқайсысының артында – сезім, арман және өзін білдіруге деген батылдық жатыр.

«BI‑Juldyzai» – 2004 жылы BI Group қызметкерлерінің бастамасымен құрылған корпоративтік қайырымдылық қоры. Біз ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға сапалы медициналық көмек алуға, оңалту курсынан өтуге және шығармашылық пен спорт арқылы өз қабілеттерін ашуға көмектесеміз.

Қолдау білдіргіңіз келе ме?

Егер біздің ісіміз сізге жақын болса, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға қажетті көмек пен қолдау алуға көмектесе аласыз. Кез келген жарна – олардың дамуына және болашағына қосқан үлес.

Әлеуметтік желілерде бақылаңыз:
Байланыс
2024 Барлық құқықтар қорғалған.
Құпиялылық саясаты
Scroll to Top