Медико-социальный проект

Ақтау қаласында “Mumkindik” жобасының аясында 15 балаға Ресейлік профессор-ортопед Жердев Константин Владимирович тегін операция жасай отырып, жергілікті дәрігерлерге мастер-класс өткізуде.

“Mumkindik” менторлық жобасы 2017 жылдан бастап еліміздегі медицинаның дамуына айрықша үлес қосып жатырған жобалардың бірі болып табылады. Шетелге шықпай күрделі операцияларды жүзеге асыру арқылы жергілікті дәрігерлердің біліктілігін арттыруда. Жоба ұйымдастырушысы болып “Жұлдызай” қайырымдылық қоры болып табылады. “Жұлдызай” қайырымдылық қоры бас демеушісі BI Group құрылыс компаниясы.
Ақтау қаласында “Mumkindik” менторлық жобасының шеңберінде осы уақытқа дейін Ресейлік врач-ортопед Кольцов Андрей Анатольевич, Израильдік реаниматолог-неонатолог Денни Эйтан және Ирена Улановская мастер-класс жүргізген болатын. Ал 3 қыркүйектен бастап травматолог – ортопед дәрігері, Мәскеу қаласының ФМАУК «Балалар денсаулығының ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» медицина ғылымдарының докторы Жердев Константин Владимирович Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасы жергілікті ортопедтерге мастер-класс жүргізуде.
Бұл шараның ерекшілігі жобаның іске асуына мемлекет, BI Group компаниясымен қатар жастар волонтерлік топтары да ат салысады.
Жобаның мақсаты — шетелдік ортопед-профессорларымен білім алмаса отырып, Қазақстан Республикасының бүлдіршіндеріне, ерекше балаларына тегін көмек көрсету.