ҚОР ТУРАЛЫ

BI-Жұлдызай қайырымдылық корпоративтік қоры 2004 жылы BI Group холдингімен құрылды. Біз тек мұқтаж жандарға көмек беріп қана қоймай, инклюзивті қоғамды дамыту арқылы еліміздің болашағын қалыптастырамыз. Елдің 10, 20, 50 жылдан кейінгі болашағы қазіргі балаларға байланысты екенін түсінеміз. Олар біздің орнымызға сахнада ән шырқап, Олимпиадада алтын медальдар алып, ғылыми зерттеулер жүргізіп, жаңа жобалар жасап, мақтан тұтарлық қоғам құратын болады.
«BI-Жұлдызай» қайырымдылық қорында 1000-нан астам қамқорлыққа алынған бала бар. Біреулері сахнада өнер көрсеткісі келеді, екіншілері спорттық жарыстарға қатысуды армандайды, ал үшіншілері емделіп, аяққа тұруды қалайды. Ерекше балаларды ортақ мақсат біріктіреді — білім алу, өздерін көрсету, барлық мүмкіндіктерді пайдалана отырып, әлеуеттерін ашу. Қордың миссиясы — оларға биік жетістіктерге жетуге, ойлағанын жүзеге асыруға, армандарын орындауға көмектесу. Бұл жол ересектердің қолдауынсыз мүмкін емес. Тек осылай ғана балалар өздеріне деген сенімділікті қалыптастырып, әлемге ашық бола алады.
Мақсатқа жету үшін шағын және орта бизнесті біріктіру маңызды. Инклюзивті қоғамды қолдауға күш пен ресурстарды бағыттау қажет.
Қордың ерекше жобалары сіздердің жүректеріңізден орын табады деп үміттенеміз.

Көмек көрсету

Scroll to Top