Тарихы

Тарихы

«Жұлдызай» Медициналық оңалту орталығы ЖШС.

 

  • 2013
  • «Жұлдызай» медициналық оңалту орталығы (МОО) 2013 жылы «BI-Жұлдызай» корпоративтік қорының қолдауымен Нұр-Сұлтан қаласында ашылды. Неврологиялық профильді ерекше балаларға медициналық оңалту көмегін көрсетеді. Медициналық орталық Мұстафин көшесі, 21/2-үйде орналасқан.
  • 2017
  • 5 жыл ішінде медициналық оңалтуға мұқтаж балалардың саны едәуір өсті. МОО-да ем алатын балалар саны артуына байланысты екінші орталықты ашу қажет болды. 2017 жылдың қыркүйегінде Нұр-Сұлтан қаласында Қабанбай батыр даңғылы, 46/1-үйде жаңа оңалту орталығы ашылды.
  • 2018 Наурыз
  • 2018 жылдың наурыз айында Алматы қаласында «Жұлдызай» медициналық оңалту орталығының филиалы ашылды. Орталық Егізбаев көшесі, 7/8 мекенжайындағы тұрғын үйдің 1-қабатында орналасқан.
  • 2018 Қараша
  • 2018 жылғы 30 қарашада Атырау қаласында «Жұлдызай» медициналық оңалту орталығының филиалы ашылды.
  • 2022 Наурыз
  • 2022 жылдың наурыз айынан бастап Шымкент қаласында 1 жастан 18 жасқа дейінгі балалар мен ересекерге арналған кардиореабилитация орталығы ашылды.

Орталықтардың білікті мамандарының жұмысы мен тиімді емдеудің арқасында балалар денсаулығының айтарлықтай жақсарғаны байқалады. Осы уақытқа дейін оңалту орталықтарында 12 392 бала кешенді және сапалы оңалту емін алды.

2015 жылдан бастап орталықтарда «Тұсаукесер» рәсімі өткізіле бастады, онда тұрғысы және жүргісі келетін балалардың тұсауы кесіледі. 128 бала алғашқы қадамын жасады.

2020 жылы «Тілашар» дәстүрін жаңарту туралы ой келді. Дәстүр дыбыстарды, буындарды және алғашқы сөздерді айтуда айтарлықтай нәтижеге жеткен балаларға арналған. Осы дәстүр аясында 55 бала алғашқы сөздерін айту арқылы ата-аналарын қуанта алды.