Біз туралы

Біз туралы

«Жұлдызай» медициналық оңалту орталығы 2013 жылы «BI-Жұлдызай» корпоративтік қорының қолдауымен құрылды. Неврологиялық профильді ерекше балаларға медициналық оңалту көмегін көрсетеді. Осы уақытқа дейін оңалту орталықтарында 12 392 бала кешенді және сапалы оңалту процедураларын алды.

Орталықтың маңызды жобаларының бірі – тәлімгерлік бағдарламасы. Жақын және алыс шетелдердің жетекші мамандары церебралды сал ауруымен ауыратын балаларға опрециялық емдеудің инновациялық түрлерін енгізу бойынша кеңес беріп, шеберлік сағаттарын өткізеді. Бұл жобаның басты мақсаты отандық ортопедиялық хирургтарды церебралды сал ауруымен ауыратын балаларды хирургиялық емдеу әдістеріне үйрету болып табылады. Бүгінгі күні біздің мамандар халықаралық деңгейдегі операцияларды жүргізе алады.

Тағы бір маңызды жоба – «Тұсаукесер» рәсімі. «Тұсаукесер» – ырым бойынша тұруға және жүруге ұмтылған баланың тұсауын кесіп, жолын ашу дәстүрі. Бұл дәстүр баланың жолы ашық болғанын және өмір жолында сенімді жүргенін қалайды. «Тұсаукесер» рәсімімен 128 баланың тұсауы кесілді.

Баланың алғашқы жасаған қадамымен қатар алғашқы айтқан сөздері де әр отбасы үшін ерекше қуаныш болып табылады. Осы себепті 2020 жылы біздің орталықта «Тілашар» дәстүрі қайта жанданды. «Тілашар» дәстүрі дыбыстарды, буындарды және алғашқы сөздерді айтуда айтарлықтай нәтижеге жеткен балаларға арналған. Осы дәстүр аясында 55 бала алғашқы сөздерін айтты.