Отырып алып, бір сағат жыладым…

22 қазан Азаматқызы Айғаным үшін атаулы күндердің бірі болды. Ұзақ уақыт бойы оңалтудың арқасында Айғаным алғашқы қадамдарын жасап, жұма күні тұсау кесілді.
– Қызымның диагнозы – атоника-астатикалық формадағы ДЦП. Туылған уақытында ешқандай симптомдары білінбеді. Тек 4,5 айынан бастап көріне бастады: аяғын көтермеді, басын кеш көтеріп бастады. Біраз уақыт бойы поликлиникада «синдром двигательных нарушеий» диагнозы бойынша емделіп жүрдік, – анасы Асель Айғаным туралы айтуда, – 1 жасында больницаның неврология бөліміне жаттық. Сол жерде диагнозымызды қойып, емделе бастадық. Поликлиникада, басқа орталықтарда оңалтудан өттік.
Алайда 2-3 ай бойы Айғанымның оңалтуында үзіліс болып қалды.
– Аяғымды күйдіріп алдым да, содан үйден шыға алмай қалып, оңалтуымыз тоқтап қалды. Поликлиникадан қоймай отырып, осы «Жұлдызайға» жолдау алдым. Орталықта қызымның динамикасы өте жақсы болды. Орталық өте жақсы, қызметкерлері де керемет. Негізі Айғаным көп сөйлемейді, көп айтпайды, бірақ барлығын түсінеді, барлығын өзі істейді. Басында бала болғандықтан кішкене жатырқап, көңіл-күйі болмағанда жылайтыны болады, бірақ жалпы емді жақсы қабылдайды.
Орталыққа келер алдында Айғаным анасының, бауырларының қолынан ұстап, жүруге талпыныс жасаған. Оңалту курсын бастағаннан соң 2-3 күннен кейін өздігінен жүре бастады. Қазір үйдің ішінде бөлмелердің арасында өзі барып жүре береді.
– Айғаным алғашқы қадамдарын жасаған кезде отырып алып, бір сағат жыладым. Дереу администратор Асельге видеоға түсіріп, жіберіп, сенбей, тоқтай алмадым, өз көзіме сенбей. Бұны Алланың берген бір сынағы деп ойлаймын, содан аман-есен өтсек, – деп бөлісуде анасы, -рахметтен басқа ештеңе айта алмаймын. Бізге көмектесіп жатырған жандар мен қызметкерлер сау болсын. Сол кісілер ауырмаса, балалар да сау болады.
Анасы Айғанымды болашақта жақсы бір оқуды бітірген кейіннен өзі көмектесе алатын, қол ұшын бере алатын бір медицина қызметкері болса екен деп тілейтінін айтты:
– Өзі осындай жолды өткендіктен, басқа балаларға да өзінің көмегін көрсете алса екен деймін.
Айғанымды аттаған алғашқы қадамы құтты болсын дей отыра, бақытты балалық шақ және жарқын болашақ тілейміз