Жаңалықтар

XVII Халықаралық “Жұлдызай” Фестиваль

Ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған «ЖҰЛДЫЗАЙ» XVII Республикалық балалар шығармашылығы фестивалінің гала-концерті Түркістан қаласында өткізілді.
2022 жылдың 1 маусым Балаларды қорғау күнінде «Жұлдызай» қайырымдылық инклюзивті балалар шығармашылығының Фестивалі алғашқы рет Түркістан қаласында өткізілді. 17 жылдық тарихы бар бұл жобаның ұйымдастырушылары «Жұлдызай» қоғамдық қоры. Еліміздегі ерекше балаларға арналған жалғыз балалар шығармашылығының Фестивалі бола тұрып, дәстүрлі түрде өзінің сахнасында 200 ерекше қатысушы мен қазақстандық эстрада жұлдыздарының басын қосуда.
Фестиваль-конкурс екі кезеңде өткізілді: I кезең – іріктеу және II кезең – Республикалық байқау. Қатысушы Лауреаттарды марапаттау рәсімі Түркістан қаласында 28 мамырда өткізіліп және қорынтынды Гала-концерт 1 маусымда Конгресс-холлда өткізіледі.
Конкурс 4 номинация бойынша жүргізілді: вокал, хореография, аспаптық орындау, әнді ыммен орындау. Қатысушылар – 10-18 жас аралығындағы ерекше білім беруді қажеттілік тұтатын балалар (мүмкіндіктері шектеулі және мүгедек балалар) болып табылады.
Республикалық байқаудың нәтижесіне сәйкес, 162 ерекше бала Фестивальдың лауреаты атанып, Бас жүлдені Шымкент қаласының «Көру қабілеті бұзылған балаларға арналған “Үміт” мектеп-интернаты» КММ тәрбиеленуші Жұмабеков Айбын Серікұлы иеленді.
Фестивальдің финалдық іс-шаралары аясында ҚР БҒМ жанындағы арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық ғылыми-практикалық орталығымен бірлесіп мастер-кластар өткізілді, конкурстық қойылымдарды талқылап, тәжірибе алмасты.
Бірегей жобаның басты серіктесі «BI GROUP» холдингі және демеші ретінде Түркістан қаласының Әкімдігі, ҚР БҒМ, ҚРАҚДМ, Ұлттық Өнер Университеті, Ұлттық хореография академиясы, «Хабар» ТК, «Түркістан» ТК және т.б. атсалысуда.